сгу им козыбаева история

Тарих, экономика және құқық факультеті

2014 жылы экономика және тарих және құқық факультеттерін біріктіру жолымен құрылды. Факультет кафедраларында бакалавриат мәне магистратура білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды даярлау жүргізіледі. Профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттер халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейлерде өтетін оқу, ғылыми және қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысады.

сгу им козыбаева история. Смотреть фото сгу им козыбаева история. Смотреть картинку сгу им козыбаева история. Картинка про сгу им козыбаева история. Фото сгу им козыбаева история

№6 оқу корпусы
Мекен-жайы: Петропавл қ., Жумабаев к-сі, 114

Деканаттын телефоны: +7 (7152) 461320

Картова Зауре Кенесовна
ДЕКАН

Тел.: +7 (7152) 461320, ішкі 1185; 87014229003
Ауд.: 322, 6 корпус
E-mail: zkkartova@nkzu.kz

сгу им козыбаева история. Смотреть фото сгу им козыбаева история. Смотреть картинку сгу им козыбаева история. Картинка про сгу им козыбаева история. Фото сгу им козыбаева история

Байтенизов Данияр Тюлюгунович
Оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі деканның орынбасары
PhD

Тел.: +7 (7152) 461320, ішкі 1299
Ауд.: 424, 6 корпус
E-mail: dtbaitenizov@nkzu.kz

Пономаренко Мария Андреевна
Ғылыми жұмыс және сапа менеджменті жөніндегі деканның орынбасары
Магистр

Тел.:
+7 (7152) 493177, ішкі 1299
Ауд. : 424, 6 корпус
E-mail: shvecova-1994@mail.ru

сгу им козыбаева история. Смотреть фото сгу им козыбаева история. Смотреть картинку сгу им козыбаева история. Картинка про сгу им козыбаева история. Фото сгу им козыбаева историясгу им козыбаева история. Смотреть фото сгу им козыбаева история. Смотреть картинку сгу им козыбаева история. Картинка про сгу им козыбаева история. Фото сгу им козыбаева история

Таскалиева Назира Сериковна
Зертханашы

Тел.: +7 (7152) 493177, ішкі 1203
Ауд.: 322, 6 корпус
E-mail:

Кафедралар

Білім бағдарламалары

М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Біздің миссиямыз: Солтүстік Қазақстанның білім, ғылым және мәдениет зияткерлік орталығы, әлеуметтік-экономикалық даму драйвері болу

Источник

Қысқаша мәлімет

Солтүстік Қазақстан университеті Қазақстан Республикасы Министрліктер кабинетінің 1994 жылғы 2 маусымдағы № 584 жарлығымен өз тарихын 1937 жылдан бастаған К.Д. Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институты негізінде құрылған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 25 мамырдағы №315 бұйрығымен «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ-дағы РМК «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

Қоғамның мемлекеттік тіркелген күні 2020 жылғы 1 шілде.

М. Қозыбаев атындағы СҚУ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті білім беру қызметімен айналысу үшін 2020 жылғы 22 шілдедегі №KZ47LAA00018464 лицензия берген.

М. Қозыбаев атындағы СҚУ институционалдық аккредиттеуден (Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігімен берілген 2019 жылғы 24 мамырдағы №АА0159 куәлік).

Қоғам қызметінің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, білім беру және оқыту үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Қоғам қызметінің негізгі түрлері:

1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлау, сондай-ақ іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоса алғанда, ғылыми-техникалық, инновациялық қызмет, ғылыми-зерттеу жұмыстары;

2) білім алушыларды тамақпен, тұрумен, медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету;

3) жұмыскерлерді тамақпен, тұрумен, медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету;

4) білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

5) спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

6) дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу, спорттық және шығармашылық секциялар құру;

7) Білім беру процесін, зерттеулерді, тәрбие және әлеуметтік-мәдени қызметті қамтамасыз етуге арналған баспа және полиграфиялық қызмет болып табылады;

8) халықаралық және республикалық деңгейдегі түрлі іс-шараларды: білім алушылар мен педагог қызметкерлер арасындағы олимпиадаларды, жарыстарды, конкурстарды, конференцияларды, семинарларды ұйымдастыру және оларға қатысу;

9) білім алушыларды запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери қызметке даярлау;

10) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру;

11) технополистерді, технопарктерді, бизнес-инкубаторларды, инновациялық орталықтарды, Технологияларды коммерцияландыру және трансферттеу орталықтарын, жобалық конструкторлық бюроларды және қызмет бейіні бойынша басқа да құрылымдарды құру;

12) Білім және ғылым жүйесін одан әрі дамытуға және жетілдіруге бағытталған инновациялық әдістерді, оқыту технологиялары мен зерттеулерді әзірлеуге, байқаудан өткізуге және енгізуге қатысу;

13) білім берудің барлық деңгейлері үшін цифрлық интерактивті білім беру ресурстары мен оқу фильмдерін ұйымдастыру, жасау және дамыту;

14) білім мен ғылымды өндіріспен интеграциялауға қатысу;

15) Қазақстан Республикасының еншілес және басқа да ұйымдары мен шетелдік ұйымдардың қаржы ресурстарын тарта отырып, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, инновациялық және инвестициялық жобаларды ұйымдастыру, қаржыландыру, сондай-ақ Білім және ғылым саласындағы жобаларды венчурлік қаржыландырудың тетіктері мен инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысу болып табылады.

Бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу күні 2020 жылғы 28 шілде. Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі 2020 жылғы 28 шілдедегі №KZ91VGZ00000303.

Жалғыз құрылтайшы төлейтін Қоғамның Жарғылық капиталы- 5 304 588 000 (бес миллиард үш жүз төрт миллион бес жүз сексен сегіз мың) теңге.

Қоғамның бір акциясының номиналдық құны-1000 (бір мың) теңге.

2020 жылы меншікті капиталдың мөлшері-5 678 191 мың теңге.

Активтердің мөлшері 2020 жылы-6 098 213 мың теңге.

Таза табыс-267 949,0 мың теңге.

Қызметкерлер саны – 1184,25 бірлік.

М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Біздің миссиямыз: Солтүстік Қазақстанның білім, ғылым және мәдениет зияткерлік орталығы, әлеуметтік-экономикалық даму драйвері болу

Источник

Манаш Қозыбаевтың өмірбаяны

сгу им козыбаева история. Смотреть фото сгу им козыбаева история. Смотреть картинку сгу им козыбаева история. Картинка про сгу им козыбаева история. Фото сгу им козыбаева история

М.Қ.Қозыбаев 1931 жылы 16 қараша қазіргі Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Тазкөл басындағы ауылда шаруа отбасында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдары жасөспірім бала кезінен колхозда еңбекке араласқан. 1947 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Мендіқара педагогикалық училищесін үздік бітіріп, бір жыл Үлгілі жеті жылдық мектебінде мұғалім болып қызмет етеді. Болашақ ғалымның тәрбиесіне ата-анасымен қатар кейін көрнекті қайраткер болып танылған ағасы Қозыбаев Оразалы Әбілұлы айтарлықтай ықпал жасады.

1953 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік универси теінің тарих факультетін үздік бітіріп, Қостанай педагогикалық институтында ғылыми-педагогикалық жұмысымен айналысады. сгу им козыбаева история. Смотреть фото сгу им козыбаева история. Смотреть картинку сгу им козыбаева история. Картинка про сгу им козыбаева история. Фото сгу им козыбаева история

Талантты жас ғалым 1958 жылы сол кездегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы Партия тарихы институтына қызметке шақырылып,онда аға ғылыми қызметкерден тарих ғылымының докторы (1969), профессор (1970), танымал ғалым дәрежесіне дейінгі жолдан өтті. 1961-1970 ж. М.Қ. Қозыбаев осы институттың ғылыми хатшысы, онан соң Қазақстандағы партия құрылысы тарихы бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті. 1974-1980 жылдары ол Алматы малдәрігерлік институтында, кейіннен С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың жанындағы Қоғамдық ғылымдар пәндері оқытушыларының біліктілігін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі болды.

М.Қ.Қозыбаев 1980 жылдан Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясын басқар ды. Оның басшылығымен сол кезеңде орыс және қазақ тілдерінде 4 томдық «Қазақ ССР» энциклопедиясы, «Алматы», «Қарағанды облысы» энциклопедиялары, Ш.Ш.Уәлиханов тың 5 томдық толықтырылып,өңделген шығармалар жинағы және тағы да басқа іргелі еңбектер басылып шықты.

сгу им козыбаева история. Смотреть фото сгу им козыбаева история. Смотреть картинку сгу им козыбаева история. Картинка про сгу им козыбаева история. Фото сгу им козыбаева историяОсы кезеңдерде М.Қ.Қозыбаевтың Қазақстанның, сондай-ақ жалпы КСРО-ның шығыс аймақтарының тарихы мен тарихнамасы және Ұлы Отан соғысы тарихы бойынша зерттеулері республикада,әрі одақ көлемінде жоғары бағаға ие болды. Оның «Казахстан-арсенал фронта» (1970), «Компартия Казахстана в период Великой Отечественной войны»(1964), «Ұлы ерлік» (1980) және басқа монографиялары мен Ұлы жеңіске қосқан үлесі туралы басқа да зерттеулері бүкіл Одақтық қауымға танылды. М.Қ.Қозыбаев зерттеулеріндегі КСРО-ның соғыс кезіндегі әскери-экономикасының құрамдас бөлігі ретінде өндіргіш күштерді елдің шығыс аудандарына, оның ішінде Қазақстанға көшіру, табиғат ресурстарын Отан қорғау мүддесіне тиімді пайдалану шаралары, КСРО халықтарының екінші дүниежүзілік соғыс майдандарына қатысуы, соғыс жылдарындағы елдегі қоғамдық –саяси өмір мен мәдениет сияқты күрделі мәселелер өзінің терең де жан-жақты ашылуымен сиппаталады.

Сол кезде Одақ көлеміндегі Ұлы Отан соғысы тарихын зерттеуші жетекші маман ретінде М.Қ.Қозыбаев «Союз нерушимый» (М.,1982), «Во главе защиты Советской Родины» (М.,1984), «Советский тыл в первый период Великой Отечественной войны» (М.,1988), «История рабочего класса СССР» (Т.3.М.,1989) атты іргелі еңбектерді және осылар сияқты Москва, Баку, Новосибирск, тағы басқа қалаларда шыққан бірқатар кітап тарды жазуға қатынасты.

сгу им козыбаева история. Смотреть фото сгу им козыбаева история. Смотреть картинку сгу им козыбаева история. Картинка про сгу им козыбаева история. Фото сгу им козыбаева история1986 жылдың наурызынан М.Қ.Қозыбаев. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында қызмет етіп, тарихнама және деректану бөлімінің меңгерушісі болды. 1988 жылы маусымда бірауыздан осы институт директоры болып сайланған ол сол уақыттан бері қызметін атқарады.

1980-жылдардың соңы мен 1990-жылдардың бас кезінде ұлттық сана-сезімнің күшеюі, кеңестік мемлекеттік жүйе мен коммунистік идеологияның күйреуі және тәуелсіз Қазақ стан мемлекетінің жариялануы мен қалыптасуы тарих ғылымының қоғамдағы орнына түбегейлі өзгеріс еңгізгені аян. Осы кезден бастап академик М.Қ.Қозыбаев басқарған Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін зерттеуге орасан зор үлес қосып келеді.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің алғышарттары пайда болған 1980 жылдардың соңынан бергі уақыт ішінде Қазақстан тарихшылары академик М.Қ.Қозыбаевтың басшы лығымен тарихи зерттеулер методологиясының мәселесі, жинақталған тарихи білімдерді қайта пайымдау, қазақ халқының шығу тегі мен этникалық тарихы, ұлттық мемлекеттілік пен ұлттық қауіпсіздік проблемалары, Қазақстанның саяси-әлеуметтік және экономика лық даму тарихының, Қазақстанның жалпы тарих тұрғысынан әлемдік қауымдастықтағы, оның ішінде ең алдымен Ресей және ТМД елдерімен, Қытаймен, алыс шетелдермен қарымқатынасына байланысты өзекті мәселелер отандық тарих ғылымының басым бағыт тарына айналды.

Академик М.Қ.Қозыбаевтың өзі ғылыми зерттеу ісіне тікелей ұйтқы болып, қатынасып келеді. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру науқаны кезінде Қазақстанда орын алған зұлмат трагедиясы бүгінгі таңда барша әлемге аян. 1988 жылғы қарашада М.Қ.

Қозыбаевтың инициативасы бойынша Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында осы мәселеге арналған Бүкілодақтық ғылыми конференция шақырылған еді. Осы конференцияда Қазақстан мен Орта Азия республикаларында ауыл шаруашылы ғын күштеп ұжымдастыру тарихы жан-жақты талқыланып,ақиқатқа жол ашылды. Осының нәтижесінде М.Қ.Қозыбаев және басқа ғалымдар 1989 ж. Москвадағы «Вопросы истории» журналында жариялаған мақаладан Қазақстандағы ашаршылық нәубетінің көлемі мен зардаптары әлемге тұңғыш рет аян болды.

1991 ж. қарашада Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі құрған Парламенттік арнайы комиссия сол кезде халық депутаты болған М.Қ.Қозыбаевтың басшылығымен бір жыл жұмыс істеп, 1920-1930 ж.ж. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және 1931-1933 ж.ж. жаппай ашаршылықтың себептері мен зардаптарын арнайы сараптаудан өткізді. Бұл комиссия жұмысының қорытындысы бүгінде барша жұртшылыққа белгілі.

1980-жылдардың екінші жартысынан бері академик М.Қ.Қозыбаев 30-40-жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің құрбандарын анықтау және оларды ақтау жолында жалпы мемлекеттік маңызы бар көлемді де жүйелі жұмыстар жүргізді.

1980-жылдардың соңы мен 1990-жылдардың бас кезі отандық тарих ғылымында ұлт азаттық қозғалыс тарихына байланысты, соның ішінде Кенесары Қасымов,Жанқожа Нұр мұхамедов,Әбдіғаппар Жанбосынов бастаған ұлт-азаттық қозғалыстары және Алаш қозғалысы мен Алашорда автономиясына қатысты тыңғылықты зерттеулер жүргізілуі мен, сөйтіп объективті шындықты қалпына келтіруде елеулі жұмыстар атқарылуымен ерекшеленді. Сонымен қатар осы кезеңнен бері Қазақ хандығының тарихы жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының Отан соғысы, Абылай ханның өмірі мен қызметі туралы және тарихымыздың басқа да өзекті проблемаларына байланысты ауқымды зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Соңғы он жыл ішінде осындай күрделі де аса қиын ізденістер мен зерттеулердің барысында М.Қ.Қозыбаев «История и современность», «Ақтандақтар ақиқаты», «Жауға шаптым ту байлап», «Тарих зердесі»(2 томдық), «Проблемы отечественной истории: методология,историография, и источники» (2 томдық), «Труд во имя победы» және тағы да басқа еңбектері дүниеге келді.

Отан тарихы мен тарихнамасын зерттеудің жаңа концептуальдық тұжырымдарын айқындау және жинақталған материалдарды жаңа тұрғыдан зерделу нәтижесінде М.Қ. сгу им козыбаева история. Смотреть фото сгу им козыбаева история. Смотреть картинку сгу им козыбаева история. Картинка про сгу им козыбаева история. Фото сгу им козыбаева история

Қозыбаев басқарған институт 1993 және 1995 жылдары орыс және қазақ тілдерінде көне заманнан бүгінге дейінгі «Қазақ тарихының очерктерін» шығарды. Содан кейін М.Қ. Қозыбаевтың басшылығымен көне заманнан бүгінгі дейінгі «Қазақстан тарихының» 5 томдық академиялық басылымы шығарылды. Бұл ТМД мемлекеттерінің ішінде тұңғыш басылым болды.

Мұндағы ең бастысы Қазақстан тарихының күрделі де өзекті мәселелерін зерттеуде идея берушісі де, ұйымдастырушысы да әрдайым М.Қ.Қозыбаевтың өзі екенін айтқан жөн.

Академик М.Қ.Қозыбаев тарих ғылымында алғаш рет Еуразия кеңістігіндегі дала өркениетінің дамуы туралы тұжырымының негізін жасады.

сгу им козыбаева история. Смотреть фото сгу им козыбаева история. Смотреть картинку сгу им козыбаева история. Картинка про сгу им козыбаева история. Фото сгу им козыбаева историяАкадемиялық ғылымының білім саласымен дәстүрлі байланыстарын дамыта отырып, М.Қ.Қозыбаев орта мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын шығарды.(«Қазақстан тарихы»IX сынып оқулығы.А.,1991-2001; «Қазақстан тарихының хрестоматиясы».А.,1994: Соңғы алты жылда оның басшылығымен Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар туралы 60 томнан асатын «Зерде кітабы»,саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы 5 томдық «Азалы кітап», мектеп оқушылары мен көпшілік қауымға арналған «Иллюстрированная история Казахстана» басылып шықты. М.Қ.Қозыбаевтың көптеген еңбектері ТМД елдері халықтарының тілдеріне аударылған, сонымен бірге АҚШ-та, Ресейде, Қытайда, Болгарияда, Германияда, Украинада, Америкада, Молдавия-да,Жапонияда, Иранда және т.б. елдерде жарық көрді.

М.Қ.Қозыбаев басқарған институт Ресейдің, АҚШ-тың, Қытайдың, Жапонияның, Ұлыбританияның, Германияның, Түркияның және басқа да елдердің ғылыми орталығымен тұрақты ғылыми байланыс жасап келеді. 1995 жылы М.Қ.Қозыбаевтың басшылығымен Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы әзірленіп,оны Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат туралы Ұлттық кеңес бекіткен болатын. М.Қ.Қозыбаев ірі ғалым болуымен бірге ғылыми-педагогикалық жұмыстарға да көп назар аударған. Ол талантты ғалымдардың тұтас бір шоғырын тәрбиелеп шығар ды. Оның жетекшілік етуімен 86 ғылым кандидаттары мен докторлары әзірленді.

1970-1980 жж. М.Қ.Қозыбаев профессор ретінде Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-де дәріс беріп, аспиранттар мен докторлардың ғылыми жұмыстарына жетекшілік етті.

Сөйтіп М.Қ.Қозыбаев тәуелсіз Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін зерттейтін ғылыми мектептің негізін құрды.

Академик М.Қ.Қозыбаев көп жылдан бері Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жанындағы докторлық диссертация қорғайтын Ғылыми Кеңестің төрағасы, тарих ғылымдары саласындағы проблемалық ғылыми-үйлестіру Кеңесінің төра ғасы, Мемлекеттік ономастикалық коммисия мүшесі қызметерін атқарды.

1998 жылдан бері М.Қ.Қозыбаевтың басшылығымен қазір Қазақстанға ғана емес, шетел дік ғылыми қауымға да кеңінен таңылған арнайы ғылыми басылым «Отан тарихы» жур налы шығарылып келеді. Академик М.Қозыбаев үн қатпаған тарих және қазіргі заманға қатысты қандай да болмасын өткір қоғамдық-саяси мәселе жоқ сияқты. Оның мерзімді баспасөз бен бұқаралық ақпарат құралдарындағы өзекті ғылыми және публицистикалық мақалалары мен сөйлеген сөздері кеңінен танылып, жұртшылықтың шынайы ілтипатына бөленді.

Осылайша тәуелсіздік жылдарында М.Қ.Қозыбаев елімізде тарихи сананы қалыптас тыруға, рухани өмірдің жаңғыруы мен дамуына ұлтаралық жарасым мен халықтар бірліг ін нығайтуға зор үлес қосты. Ол қазақ мемлекеттілігі тарихының, отаршылдық және кеңестік тоталитаризм жағдайындағы Қазақстан тарихының жаңа концептуалдық бағыт тарын қалыптастырудың, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтаудың бастау көзінде тұрды. Соңғы жылдары ол Қазақстан Республикасы Президентінің «1997 жылы жалпы ұлттық келісім және жапай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Жылы деп жариялау туралы», «1998 жылы халық бірлігі мен сабақтастығы Жылы деп жариялау туралы» М емлекеттік комиссияның мүшесі ретінде де қыруар жұмыстар атқарды.

М.Қ.Қозыбаев ғылыми, ғылыми-ұйымдастырушылық және педагогикалық қызмет терімен қатар мемлекеттік және қоғамдық өмірге де белсенді араласып келе жатқан көрнекті қайраткер. Ол 1989 жылы Ұлттық Ғылым Академиясының толық мүшесі-акаде мик болып сайланды. 1990-1993 жылдары ҚР Жоғары Кеңесінің депутаты болып, егеменді Қазақстан мемлекетінің Конституциясын, заңдары мен актілерін қабылдауда орасан зор қайраткерлік танытты. М.Қ.Қозыбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі болды. 1993 жылдан М.Қ.Қозыбаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кенестің және Адам құқығы бойынша Мемлекеттік комиссияның мүшесі болды.

М.Қ.Қозыбаев 800-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектердің, соның ішінде 30 монографияның (олардың 18-і бірлескен авторлықпен), 50-ден астам ұжымдық еңбек тердің, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Оның еңбектері басым көпшілігі Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында жарық көргенін атап айтқан жөн.

М.Қ.Қозыбаевтың тек соңғы 10 жыл ішіндегі еңбектері мен зерттеулері және мақалалары мен ғылыми конференцияларда жасаған баяндамалары 9 томдық құрайды (История и современость».1991;, «Ақтандықтар ақиқаты».1992;, «Жауға шаптым ту байлап».1994; «Труд во имя победы».1995; «Тарих зердесі»1,2 кітап,1999; «Казахстан на рубеже веков: размышление и поиски. Т.1-2.2001; «Дала өркениеті және қазақ халқы».-2001).

Тарихшы-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері ретінде М.Қ.Қозыбаев қазақ халқы ның ұлттық сана-сезімінің орнығуына, мемлекеттілік идеологиясының, Қазақстан Респуб ликасының этнотерриториялық тұтастығының нығаюына үнемі назар аударған.

Мұны М.Қ.Қозыбаевтың еңбектерінің мазмұнынан айқын көруге болады. сгу им козыбаева история. Смотреть фото сгу им козыбаева история. Смотреть картинку сгу им козыбаева история. Картинка про сгу им козыбаева история. Фото сгу им козыбаева история

Академик М.Қ.Қозыбаев еңбектерінің негізгі мазмұны жалпыұлттық татулық пен Қазақстан халықтарының бірлігін нығайтуға, өскелең ұрпаққа рухани және патриоттық тәрбие беру.

М.Қ.Қозыбаевтың отандық тарих ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі жемісті мемлекет тік және қоғамдық қызметі жоғары мемлекеттік наградалармен атап өтілген.

«Қазақстан-майдан арсеналы» монографиясы үшін оған 1970 ж. Ш.Ш.Уәлиханов атын дағы сыйлықтың лауреаты атағы берілді. 1995 ж. Қазақстан тарихының өзекті проблема ларына арналған бір топ зерттеулері үшін ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болды. Белсенді әрі жемісті мемлекеттік және қоғам дық сыйлығы үшін 1997 жылы ол Президенттің «Бейбітшілік рухани келісім» сыйлы ғының иегері атанды. Оған 1986 жылы «Қазақстанның ғылымға еңбек сіңірген Кеңесі нің Құрмет грамоталарымен, Қазақстан Республикасының және КСРО медалдарымен марапатталған. М.Қ.Қозыбаев Шәкәрім атындағы «Семей» мемлекеттік университетінің (1998 ж.) Қарағанды мемлекеттік медицина академиясынын (1999 ж.), А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің, «ҚазГОР» Академиясының құрметті профессоры болып сайланған. Ол Қостанай қаласының және Мендіқара ауданының құрметті азаматы. Манаш Қабашұлының жансерік жолдасы Сара Пішенбайқызы-танымал педагог, ұстаз інісі Сағынбай Қозыбаев, баласы Ілияс-тарих ғылымдарының докторлары, профессорлар, қызы Гүлшат тарих ғылымдарының кандидаты.

30 мамырда Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен оны мәңгі есте қалдыру үшін Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетіне академик Қозыбаев есімі берілді, ғалымның ескерткіші ашылды.

М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Біздің миссиямыз: Солтүстік Қазақстанның білім, ғылым және мәдениет зияткерлік орталығы, әлеуметтік-экономикалық даму драйвері болу

Источник

Университет тарихы

сгу им козыбаева история. Смотреть фото сгу им козыбаева история. Смотреть картинку сгу им козыбаева история. Картинка про сгу им козыбаева история. Фото сгу им козыбаева история

сгу им козыбаева история. Смотреть фото сгу им козыбаева история. Смотреть картинку сгу им козыбаева история. Картинка про сгу им козыбаева история. Фото сгу им козыбаева история

Университет институционалдық сертификациядан өтті.
ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығында институционалдық аккредиттеуден табысты өтуі. Мемлекеттік аттестаттауды табысты өтуі.
Университеттердің Ұлы Хартиясына қосылуы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылуы.
Университет ресми сайтының жаңа нұсқасының іске қосылуы.

ASIIN неміс агенттігінде бес мамандық бойынша аккредиттеуден өтуі.
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінде 19 бағдарлама бойынша мамандандырылған аккредиттеуден табысты өтуі.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің тарихы Қазақстан Республикасы тарихымен, оның мәдениетімен, білім беруімен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасы алғашқы жоғары оқу орындарының бірі ретінде оның дамуы мен қалыптасу тарихындағы төмендегідей кезеңдерді ерекше атауға болады:
1937 жылАймақтағы білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерінің алғышарты болып табылған Қазақ КСР кеңестік халық комиссариятының 1937 жылдың 19 наурызындағы жарлығы негізінде Петропавл мұғалімдер институтының ашылуы. Қазақ КСР Халық ағарту комиссариятының 1937 жылдың 25 шілдесіндегі № 835 бұйрығына сәйкес, 1937 жылдың 1 қыркүйегінде төмендегідей екі факультетте оқу басталды: жаратылыстану-жағрапия және тарих.
1938 жылПетропавл мұғалімдер институтында сырттай оқу бөлімінің ашылуы.
1939 жылПетропавл мұғалімдер институтына мемлекеттік мәртебе берілді.
1945 жылПетропавл мемлекеттік институтына ХІХ ғасырдың ұлы ұстазы К.Д. Ушинскийдің аты берілді.
1948 жылПетропавл мемлекеттік мұғалімдер институтының ұйымдастырушылық құрылымының өзгеруі – физика-математикалық факультетінің ашылуы.
1955 жылПетропавл мемлекеттік мұғалімдер институтының Петропавл педагогикалық институты болып қайта құрылуы.
1978 жылОрал политехникалық институты Петропавл жалпы техникалық факультетінің Еңбек Қызыл Ту ордені Қарағанды политехникалық институтының кешкі және сырттай оқыту үлгісіндей жалпы техникалық факультеті болып қайта құрылуы.
1982 жылҚарағанды политехникалық институты Петропавл филиалының ашылуы. Петропавл филиалында төмендегідей екі факультет құрылды: машина жасау және жалпы техникалық.
1994 жылҚарағанды политехникалық институты Петропавл филиалы негізінде Жоғары Техникалық колледж ашылды.
1994 жылПетропавл педагогикалық институты негізінде Солтүстік Қазақстан университетінің ашылуы.
1996 жылСолтүстік Қазақстан университеті мен Жоғары Техникалық колледждің Солтүстік Қазақстан университеті біртұтас жоғары оқу орны болып қосылуы.
1998 жылӘскери кафедраның ашылуы.
2001 жылҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 31 қаңтардағы № 163 жарлығымен Солтүстік Қазақстан университетіне мемлекеттік жоғары оқу орны мәртебесі берілді. Мемлекеттік аккредитациядан табысты өтуі.
2003 жылҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылы 30 мамырындағы № 497 жарлығымен Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне академик Манаш Қозыбаевтың аты берілді.
2005 жылЖОО-ның сапа менеджменті жүйесінің ИСО 9001: 2000 талаптарына сәйкестігін сертификатталуы орындалды.
2007 жылКөп салалы колледждің ашылуы.
2008 жылУниверситет қызметіне стратегиялық жоспарлау элементтерінің енгізілуі, университет миссиясының әзірленуі және қабылдануы.
2009 жылЖүзу бассейнінің ашылуы.
ҚР білім туралы заңнамасының талаптары мен лицензиялық ережелерінің сақталуына жоспардан тыс тексерістен табысты өтуі.
Wap-порталдың іске қосылуы.
2010 жыл
2016 жылҰйымдық құрылымды реформалау.
Қайта даярлау және біліктілікті арттыру институтын қайта құру.
Foundation факультетін құру.
Байқау кеңесін құру.
2016 жылСапа мен академиялық саясатты Ішкі қамтамасыз ету саясаты мен стандарттарын қабылдау.
2017 жылАРТА-да 14 білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу.
2017 жылУниверситеттің 80 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар кешенін өткізу.
«Академиялық және басқару дербестігін кеңейту жағдайындағы қазіргі заманғы ЖОО-ның Академиялық саясаты» тақырыбында жоғары оқу орындарының басшыларымен республикалық семинар-кеңес өткізу.
Білім беру бағдарламаларының 100% аккредиттеуі.
2017 жыл6D071200 Машина жасау, 6D071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, 6D075100 Информатика, есептегіш техника және басқару білім беру бағдарламалары бойынша Диссертациялық кеңестің ашылуы.
2017 жылЕуропалық университеттер қауымдастығына (EUA) кіру.
2018 жылИнженерлік және сандық технологиялар факультетінің, математика және жаратылыстану ғылымдарының факультетінің, агротехнологиялық факультеттің, «Медицинаның жоғары мектебі» факультетінің құрылуы.
Мансап және жұмыспен қамту орталығы мен «QYZYLJAR»студенттерге қызмет көрсету орталығының ашылуы.
ТМД Желілік университетіне кіру.
Бакалавриаттың 12 жаңа білім беру бағдарламасын, магистратураның 10 білім беру бағдарламасын, докторантураның 2 білім беру бағдарламасын ашу.
2019 жыл8 заманауи инновациялық зертхананың, Итальян тілі мен мәдениеті орталығының, Студенттер аллеясының ашылуы.
Білім беру бағдарламалары бойынша Диссертациялық кеңестердің ашылуы 1. 6D071800 Электр энергетикасы, 6D071200 Машина жасау; 2. 6D071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, 6D075100 Информатика, есептегіш техника және басқару.
2020 жыл5 жаңа білім беру бағдарламасының ашылуы.
Реорганизация с 01.07.2020 г. Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Северо-Казахстанский государственный университет имени Манаша Козыбаева» путем преобразования в Некоммерческое акционерное общество «Северо-Казахстанский университет имени Манаша Козыбаева» (приказ Председателя Комитета государственного имущества Министерства финансов Республики Казахстан №315 от 25 мая 2020 года).

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ тарихы университеттің 70-жылдық және 75-жылдық мерейтойына шығарылған кітаптарда толығырақ ұсынылған.

М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Источник

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *